• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2022

Полицейлер жоғалған бүлдіршінді 10 минутта тапты

298 рет
көрсетілді

Өскемендегі балабақшадан бес жасар қыз жоғалып кеткен. Төтенше жағдай 11 ақпан күні қала шетінде болған деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Қыздың анасы 16.43 шамасында 102 арнасына бүлдіршіннің жоғалғаны туралы хабарлаған. Өскемен қаласының полиция басқармасы жоғалған қызды іздестіру бойынша жедел шаралар қабылдаған.

«Көшедегі кішкентай қызға төнетін барлық қауіпті түсініп, біз іздеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Біздің қызметкерлеріміздің үйлесімді әрекеттерінің арқасында қыз 10 минут ішінде табылды. Бұл ретте кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, аға лейтенант Расул Абаевтың, патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы, аға лейтенант Азамат Дөненбаевтың, БПП қызметінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Мирас Айтмұқашовтың кәсібилігін атап өткім келеді», делінген Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Муланың хабарламасында.