• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2022

Мемлекеттік Туды уақытша төмен түсіруге тура келді

648 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының екі ықшам ауданында табиғаттың тосын мінез танытуына байланысты Мемлекеттік Ту уақытша төмен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбеде желдің күшеюіне байланысты 12 ықшам аудандағы айналма жолда орналастырылған Мемлекеттік Ту және ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта тұрған Мемлекеттік Ту ауа-райы қалыпқа келгенге дейін төмен түсіріліп қойылды. Бұл – Тудың жыртылмай сақталуы мақсатында жасалған әрекет. Жел басылғаннан кейін Ту қайтадан тұғырына көтеріледі» делінген хабарламада.