Аса жеңіл салмақта бақ сынап жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізіп, екінші рет жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен UFC 271 турнирі аясында қазақстандық спортшы Бразилия үміті Дуглас Силва де Андрадеге қарсы октагонға шықты. Сергей Морозов бірінші кезеңде қарсыласына қарағанда басым болды. Тіпті қарсыласын есеңгіретіп те алған еді. Алайда екінші раундта ес жиып алған Дуглас Силва де Андраде кезең соңына қарай Морозовты қылқындыру әдісімен жедел жеңді. Осылайша UFC-де үшінші кездесуін өткізген қазақстандық спортшы екінші мәрте жеңілді.