• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 13 Ақпан, 2022

Биволға техникасы, Головкинге жасы кедергі келтіреді – сарапшы

619 рет
көрсетілді

Венесуэлалық спорт журналисі әрі сарапшы Габриэль Гарсия жартылай ауыр салмақтағы WBA (super) белдігінің иегері Дмитрий Бивол мен отандасымыз Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альваресті жеңу мүмкіндігі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Сауль «Канело» Альварес екеуін де жеңеді. Дмитрий Бивол деңгейі жоғары кәсіпқой боксшы екені мәлім. Денесі де ірі. Алайда оның техникалық шеберлігі «Канелоға» сай емес. Геннадий Головкин сәуір айында 40 жасқа толады. Ол Альвареспен ертерек кездесуі керек еді. Дәл қазір мүмкіндігі жоқ десе те болады. Әрине, кәсіпқой бокста бәрі мүмкін. Әйткенмен, Альварес мықты», дейді ол.