Тәртіп сақшылары Парижде «Бостандық конвойы» акциясына белсенді түрде қатысқан 97 адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
97 адамды ұстаудан бөлек тәртіп сақшылары 513 хаттама толтырғаны белгілі болған. «Манифестация. Париждегі жалпы нәтиже: 97 ұстау, 513 хаттама. Полиция префектурасы алдағы күндерде де жағдайды бақылайды», делінген жексенбіде полиция префектурасының Twitter-дегі парақшасында жазылған хабарламада.
Сенбі күні ел бойынша 32 мыңнан астам адам шеруге шыққаны анықталған. Сондай-ақ Парижде 7,6 мыңға жуық адам коронавирустық инфекцияға байланысты жарияланған шектеулерге наразылығын білдірген еді. Шеруге автокөлік жүргізушілері Францияның оңтүстігінен және де басқа аймақтарынан Парижге келіп, үн қосуға тырысқан.