• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 13 Ақпан, 2022

Мен оны бірінші раундта жеңемін – Хамзат Чимаев

368 рет
көрсетілді

Жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген аралас жекпе-жек шебері Хамзат Чимаев бүгін Роберт Уиттакерді екінші рет жеңген Исраэл Адесаньядан оңай айласын асыратынына сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

«Мен үшін мұндай шайқас оңай ақша табудың жолы екені рас. Исраэл Адесаньямен жолымыз түйіссе мен оны бірінші раундта жеңемін. Оған ешқандай күмәнім жоқ», деп жазды Хамзат Чимаев твиттерде. Хамзат мұндай мәлімдеме жасағанымен, екі спортшының әртүрлі салмақта бақ сынайтынын ұмытпаған жөн. Кім біледі, мүмкіндік туып жатса, болашақта Чимаев орта салмаққа ауысқысы келетін де шығар...