• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Пікір 14 Ақпан, 2022

Ұсыныс қағаз күйінде қалды

141 рет
көрсетілді

Президент Қ.Тоқаев 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өндірісті дамыту, оның ішінде өңдеу өндірісін дамытуға баса көңіл бөлу керек екенін айтты.

Шынында да тауарды шикізат күйінде емес, оны өңделген та­уар ретінде сатқан кезде қосымша құн салығы бірнеше есе артатыны белгілі. Ел Президентінің тапсырмасымен өткен жылы «Өнер­­кәсіп саясаты туралы» арна­йы заң қабыл­данған. Осы заңның шеңберінде өнеркәсіп­ті дамыту­ға қолдау көрсету, өнеркәсіпті қамтамасыз ету мәсе­лелерінің бәрі қаралған.

Жеңіл өнеркәсіп саласы да кешегі Одақтың кезіндегі Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағы 17 пайызды құраған. Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіптің ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағы 1 пайызға жетпей отыр. Бұған қатысты бірнеше рет Парламенттік тың­дау өткізілген. Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бо­йынша Үкіметке ұсыныстар да жіберілді. Өкінішке қарай, ұсыныстардың барлығы қағаз күйінде қалып келе жатыр.

 

Әлімжан ҚҰРТАЕВ,

Сенат депутаты