• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Ақпан, 2022

Түрікменстанда президент ауысады

239 рет
көрсетілді

Түрікменстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясы кезекті президенттік сайлауға дайындалуға кірісті.

Елді 2007 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Гурбангулы Бердімұхамедов қызметтен кетуге ниетті екенін ашық айтты. Сарапшылар алдағы сайлау­да жеңіске жету мүмкіндігі қазіргі билеу­шінің қолында деп есептейді. «Қа­был­­данған тиісті қаулыға сәйкес 2022 жыл­ғы 12 наурызда Түрікменстан прези­дентінің мерзімінен бұрын сайлауы өтеді», делінген елдің Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.

Түрікменстан президенті елде толық билікке ие әрі конституцияға сәйкес, президенттікке түсу мерзімі шектелмеген. Дегенмен өткен жұмада Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен өткен парламенттің жоғарғы палатасының отырысынан кейін президент «қиын шешім қабылдағанын» мәлімдеді. «Мен еліміздің қазіргі даму кезеңінде мемлекетті басқаруды рухани ортада және жаңа заман талаптарына сай тәрбиеленген жас басшыларға беру керек деген ойды қолдаймын. Халық мәслихатының төрағасы ретінде өзімнің мол өмірлік және саяси тәжірибемді осы салаға бағыттауға ниеттімін», деді президент Гурбангулы Бердімұхамедов.