Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
14 ақпандағы мәлімет бойынша, 53 977 адам коронавирус инфекциясынан (-52 808+ және 1 169 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 7 174 науқас стационарда, 46 803 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:• 350 адамның жағдайы ауыр,• 144 науқастың жағдайы өте ауыр,• 97 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.