Алматы прокуратурасы сұйытылған мұнай газының бағасын көтеріп жібергені үшін Petrosun компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның қызметін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы мамандарын тарта отырып, прокуратура тексереді.
Компания оңтүстік өңір нарығындағы сұйытылған мұнай газының 76,9%-ын сатумен айналысады.
«Мамандардың қорытындысына сәйкес, 2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін Petrosun осы ережені теріс пайдалана отырып, ай сайын автогаз бағасының максималды деңгейін көтерген. Салдарынан көрсетілген кезеңдегі шығын бір тонна тауарға 323,8%-ке дейін өсті», деп атап өтті баспасөз қызметі.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 221-бабының 2-бөлігі (монополистік қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.
Прокуратура басқа мәліметтерді жария етуге болмайтынын атап өтті.