• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 14 Ақпан, 2022

Тараз қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

1103 рет
көрсетілді

Бақдәулет Сариев Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тараз қаласы әкімінің өкімі бойынша, Бақдәулет Сариев қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және жастар саясаты салаларын қадағалайды», делінген хабарламада. 

Бақдәулет Сариев еңбек жолын 2015 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алатау, Медеу аудандары бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2015-2017 жылдары - Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің бас маманы.

2017 жылдан 2020 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеген.

2020-2021 жылдары - Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы.

2021-2022 жылдары - Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы.