Бразилиялық жартылай қорғаушы Алекс Бруно «Мақтаарал» футбол клубының қатарына қосылды деп хабарлайды Egemen.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Ілгеріде «Атырау» футбол клубында доп тепкен бразилиялық футболшы жаңа командасының сапында жасыл алаңға шығып үлгерді. Өзбекстандық «Бунедкор» футбол клубына қарсы өткен ойында Түркістан облысының командасы 2:1 есебімен жеңіске жетсе, аталмыш кездесуде Алекс Бруно жеңіс голын соққан болатын.
«Атыраудан» бөлек бразилиялық футболшы польшалық «Видзев», молдовалық «Зимбру» бразилиялық «Санта-Рита» секілді өзге де бірнеше команда сапында доп тепкен.