• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Ақпан, 2022

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

193 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.

Еңбек өтілі:

2001-2003 жылдары - Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2007 жылдары ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жылдары - «Қазтрансойл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.