• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:49

Ел тұрғындары eGov және әлеуметтік қосымшаларды тарифсіз пайдалана алады

Мәжіліс екінші оқылымда Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады. Құжат байланыс инфрақұрылымын дамытуға, перспективалы телекоммуникациялық технологияларды енгізуге және халықты жылдамдығы жоғары интернетпен, сапалы және қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа құжат аясында елдегі байланыс нысандарын, соның ішінде діңгек-антенна кешендерін орнату, тірек құрылымдарын және басқа да қажетті құрылыс нысандарын салу процесі айтарлықтай жеңілдейді. Бұдан былай бұл мақсаттар үшін жер телімдерін беру тәртібі оңайлатылады. Сонымен қатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзінде белгіленген заңды тәртіпті сақтай отырып, байланыс желілерін жүргізуге ресми түрде рұқсат берілмек.

Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау (түпнұсқалығын тексеру) функциясы енді мемлекеттік монополияға, нақтырақ айтсақ, Мемлекеттік радиожиілік қызметінің құзыретіне өтеді. Бұл норма нарыққа сапасыз өнімдердің кіруін шектеп, тұтынушыларға сатып алынатын телефондардың түпнұсқалығы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді, сондай-ақ қоғамдық және жеке қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар мобильді қосымшалармен (мысалы, eGov) тәулік бойы және тарифсіз қамтамасыз ету ұсынылады.

eGov Mobile қызметін 54 млн адам пайдаланған

Бұған қоса, заң арқылы деректер орталықтарының критерийлері жаңартылады. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органды құрылыс жұмысы басталғаны және деректерді өңдеу орталықтарының пайдалануға берілгені туралы хабардар етуге міндеттеледі.

Жекелеген нормалар спутник байланысын дамытуды, геостационарлық емес спутниктерді пайдалану шарттарын жаңартуды және Қазақстанның Бірыңғай телекоммуникациялар желісіне кіретін заттар интернеті желілерінің қызметін реттеуді және басқа да бағыттарды қамтиды.

Соңғы жаңалықтар