Қазақстанда 49 207 адам коронавирус инфекциясынан (–48 064+ және 1 143 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы ақпараттарға қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде 6 820 пациент стационарда, 42 387 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 335 адамның жағдайы ауыр,
• 138 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 96 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.