Қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік пен әкімдік ғимаратын басып алуға екі шетел азаматы қатысқаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, басқыншылар Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен полицияның қарусыз қызметкерлеріне күш көрсеткен. Биылғы жылдың 1 ақпанында олар соттың санкциясымен қамауға алынған.
Қылмыскерлер 2022 жылдың 6 қаңтарында тікелей эфир ұйымдастыру үшін «Көк төбе» телемұнарасын басып алуды жоспарлаған. Жоспарын жүзеге асыру үшін бейбіт тұрғындарды көндіріп, олардың өміріне қастандық жасағаны белгілі болды.
Қылмыскерлер айтқандарын орындаудан бас тартқан 1992 жылы туған азаматқа шолақ мылтықпен екі рет оқ атып жаралаған.
Аталған қылмысты бұрын сотталған, Алматы қаласында 1983 туған азаматтың ұйымдастырғаны анықталды. Оның қылмысқа қатысы бар екенін куәгерлер растады. Биылғы жылдың 25 қаңтарында ол сот санкциясымен қамауға алынды.