• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Ақпан, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды қадағалап отыр – Берік Уәли

435 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президенттің Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісінің осы тақырып төңірегіндегі сауалына жауап берді.

«Әрине, Президент Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл мәселе Владимир Путинмен кездесуде талқыланды. Президент келіссөз қорытындысы бойынша жақсы ұрыстан жаман тыныштық артық екенін айтты. Басқаша айтқанда, ымыраға келу үшін нәтижелі дипломатиялық келіссөздердің жалғасуын жақтайды. Президенттің айтуынша, еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанған жөн, оның үстіне бұл қағидат 2010 жылы қабылданған ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы мәтініне де енгізілген», деді Берік Уәли.

Еске салайық, 10-11 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің шақыруымен Мәскеу мен Қазан қалаларына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында екі ел басшылары бірқатар келіссөз жүргізді.