• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Ақпан, 2022

Теміржол билетін 50 пайыз жеңілдікпен алуға болады

4008 рет
көрсетілді

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы ақпан айының соңына дейін «Тальго» пойыздарына билетті жеңілдікпен алуға болатынын хабарлады, деп жазады  Egemen.kz.

  28-51 пайыз жеңілдікпен алты бағыттағы пойызға билет сатып алуға мүмкіндік бар. Олар:   № 29/30 «Алматы 2-Атырау» - 35% дейін;   № 51/52 «Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1-Орал» - 28% дейін;   № 69/70 «Алматы-Өскемен 1» - 51% дейін;   № 111/112 «Алматы 2-Маңғыстау» - 43% дейін;   № 105/106 «Алматы 2 – Петропавл» - 46% дейін;   № 711/712  «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент» - 43% дейін.   «Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз», делінген ресми хабарламада.