• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2022

Петропавлда адам өлтірді деген күдікпен 40 жастағы әйел ұсталды

396 рет
көрсетілді

Петропавл полицейлері адам өлтірді деген күдікпен тұрғылықты жері жоқ әйелді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірнеше пышақ жарақаты салынған 30 жастағы ер адамның мәйіті 5 ақпан күні Брусиловский көшесіндегі жылу трассасының құдығынан табылды. 

Оқиға орнына Петропавл қалалық Полиция басқармасы жедел-тергеу тобының қызметкерлері барды. Жүргізілген тергеу амалдары арқылы қылмысқа тұрғылықты жері жоқ 40 жастағы әйелдің қатысы бары анықталды. Жедел-тергеу іс-шаралары шеңберінде бірер күн бұрын олар құдықтың ішінде спирттік ішімдікті ішіп отырғаны белгілі болды. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті Петропавл қалалық Полиция басқармасының уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды.