Елшілік төтенше жағдай кезінде көмек көрсету үшін Украинадағы қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрады, деп жазады Egemen.kz дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Консулдық елшілікке келмей-ақ, Қазақстан Елшілігінің сайтында орналасқан есепке алу парағын толтырып және төлқұжаттың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электронды поштасына жіберіп, тұруға болады. Елшіліктің байланыс нөмерлері: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (шұғыл қоңыраулар үшін)», делінген хабарламада.
Азаматтар өзге ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі сайтында, әлеуметтік желілерінде және мессенджерлерінде қадағалай алады.