• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Ақпан, 2022

Елорда әкімдігі бұрынғы ОӘД ғимаратын сатып алды

285 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бұрынғы ОӘД ғимаратын сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінен хабарлағандай, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 30-дан астам ведомстволық бағынысты ұйымдары мен басқармалары жеке тұлғалардан үй-жайларды жалға алады, осылайша жыл сайын жалға алу үшін 1 миллиард теңге төлейді.

«Жоғарыда айтылғандарды және осы ұйымдардың түрлі аудандарда орналасқанын ескерер болсақ, басқармалар мен әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін жеке бір ғимарат қажет. Осылайша, «Sine Tempore» ғимаратын сатып алу арқылы қаражатты үнемдеп қана қоймай, «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Себебі ғимарат қалалық әкімдіктің жанында орналасқан. Айта кетсек, 2020 жылы екі компания аталмыш нысанға бағалау жүргізді. Оның негізінде бір компания 12,6 млрд теңгеге бағаласа, екіншісі 11,7 млрд теңгені көрсетті. Ал 2021 жылы тағы бір тәуелсіз бағалау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 9,5 млрд теңге көрсетілген болатын. Ұсынылған ең төменгі сомаға ғимаратты сатып алу қалалық мәслихаттың келісімімен жүзеге асырылды», делінген әкімдік хабарламасында.