• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 15 Ақпан, 2022

Фьюри Нганнумен қашан кездесетінін айтты

282 рет
көрсетілді

WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюри ауыр салмақтағы UFC чемпионы Фрэнсис Нганнумен қашан қолғап түйістіретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен Фрэнсис Нганнумен келесі жылы Лас-Вегаста қолғап түйістіремін. Шамамен ақпан немесе наурыз айында жекпе-жек өткіземін. Келесі жылы бірнеше керемет шайқас ұйымдастыруға болады. Нганнуға қарсы жекпе-жек жұртты қызықтыратыны сөзсіз. Екеуміз үшін де табысты кездесу болатындығына сенімім кәміл», дейді Тайсон Фьюри.