• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ахмет Байтұрсынұлы 15 Ақпан, 2022

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай конференция өтті

877 рет
көрсетілді

Бүгін Анкарада Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.

Конференцияға ТҮРКСОЙ ұйымының шақыруымен Қазақстаннан Амантай Шәріп пен Анар Фазылжан, Қырғызстаннан Мэрим Колбаева, Әзірбайжаннан Эльчин Ибрахим, Өзбекстаннан Эргаш Абдувалитов секілді түркі әлеміне белгілі ғалымдар арнайы келді. Олар Ұлт ұстазының өмірі мен еңбегі жайында жан-жақты мағлұмат берді.

Жиын барысында  ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын тойлау шаралары жалғасатынын жеткізді.

«Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған алғашқы халықаралық конференцияны біз ұйымдастырып отырмыз. Мұнымен шектелмейміз. 150 жылдық шаралары жыл бойы жалғасын табады», деді Дүйсен Қорабайұлы.

Конференцияға қатысушыларға  ұйым түрік тілінде дайындаған Ахмет Байтұрсынұлы бейнефильмін көрсетті. Сондай-ақ белгілі қаламгер Серікбай Оспанұлының «Ұлт ұстазы» кітабының тұсауы кесілді. Бұл туынды ТҮРКСОЙ ұйымының қаржылай қолдауымен жарық көрді.   Ертең конференция Стамбұл қаласының Стамбұл университетінде жалғасады.