Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс өзбекстандық кәсіпқой боксшы Баходир Жалолов хорватиялық Филип Хрговичпен шаршы алаңда қашан кездесетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінгі таңда ол рейтингтерде жоғары орынға орналасқаны мәлім. Өйткені ол кәсіпқой рингке Риодағы Олимпиада ойындарынан кейін ауысты. Филиппен жақын арада жолымыз түйіспейді. Күні бұрын тәуекелге барудың қажеті жоқ. Алайда мен болашақта оған қарсы шаршы алаңға шыққым келеді. Тони Йока, Джо Джойс секілді мықтыларға қарсы да өз шамамды байқап көремін. Бірінші кезекте мен рейтингте жоғары көтерілуге тиіспін», деді ол өз ойымен бөлісіп.