• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2014

Ер мерейі – ел мерейі

350 рет
көрсетілді

Елбасы шешен сөйлейді. Ол мінберлерде ой толғағанда, көсем­дігі мен көрегендігіне де сүй­сініп отырасың. Елбасының Нидер­ландтағы Жаһандық саммитте сөй­леген сөзінде қоғамда болып жат­қан саяси оқиғаларды талдап, оған дұрыс шешім қабылдаудағы ұсыныс-пікірлері көпшіліктің көңі­лінен шыққаны анық. Әсіресе, бейбітшілікті жаны сүйетін, ынты­мақтастыққа ықыласы ерекше ауатын Елбасының ядор­лық қару­лардан бас тарту керектігі жөніндегі барша мем­лекетті мә­мілеге шақыруы оңды іс. Елбасы Семей ядролық сынақ полигонын жауып, қуаты жағынан әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тартты. Осылайша елімізді ядролық қарудың қасіретінен, қаупінен құтқарды. Реті келгенде айта кету керек, Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Бас Ассамблеясы Қазақ елінің бастамасы бойынша 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы қарар қабылдады. Мұнда Елбасының үлкен үлесі жатыр. Осы жолғы сөзінде де Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаев радиация кең даламызды улап, бүкіл тіршілікке қауіп кел­тіргенін, қазақстандықтардың денсаулығына залалын тигізгенін айта келіп, кеңестік басшылықтың қатаң қарсылығына қарамастан, полигонды жабу туралы Жар­лыққа қол қойғандығына дәлел­дер келтіре отырып, қару жасаудан, оны сынау­дан әлі де бас тартқылары келмей отырған «көсемдердің» санасын селт еткі­зердей етіп айтты. Елбасы атап өткендей, ядролық қарудан бас тарту Қазақстан үшін батыл қадам болды. Бұл үрдіс басқа мемлекеттерде өз жалғастығын тауып, мәселен, Ресейде Жаңа Жер, Аме­рикада Невада, Францияда Морурора, Қытайда Лобнор сынақ алаңдары жабылды. Президенттің бірегей бастамасының арқасында жалғыз қазақстандықтар ғана емес, жоғарыда аталған мемлекеттердің халқы бейбіт заманда, қарудың дүмпуінсіз шат-шадыман өмір сү­ріп жатыр. Біз еліміздің болашағы, әлемдегі тыныштық үшін алдағы уақытта ядролық қарулардан мүлдем бас тарту мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Адам қорқынышсыз әрі үрейсіз тыныш өмір сүргісі келеді. Ондай өмір үшін ядролық, бактериологиялық, химиялық қарудың қажеті жоқ. Осы жолғы Елбасының салиқалы да салмақты сөзін қолдай отырып, баршамыз ядролық қаруларға қарсы үн қосуымыз керек деп ойлаймын. Марат МАЛТЕКБАСОВ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, педагогика ғылымдарының докторы. ТАЛДЫҚОРҒАН.