• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Ақпан, 2022

Өткен жылы 32 мыңнан астам қазақстандық елден көшіп кеткен

518 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы Қазақстанға 10 982 адам келсе, 32 209 адам елден кеткен. Осылайша, көші-қон сальдосы 21 227 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап өтілгендей, елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр.

ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,5%-ды, көшіп кеткендердің үлесі - жалпы көшіп-қонушылар санының 85,3%-ын құрады.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ел шегінде көшіп-қонушылардың саны 10,5%-ға азайған.

Өңіраралық ауысулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің төрт өңірінде қалыптасты: Нұр-Сұлтан (31 906 адам), Алматы (29 253 адам), Шымкент (9774 адам) және Маңғыстау облысы (239 адам).