Алматыда бірнеше көшені Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзарту үшін Ұлттық қордан 8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Серік Самұратов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, қазір Алматыдағы Саин, Солтүстік айналма, Рысқұлов және Абай көшелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.
«Биыл бұл мақсаттарға Ұлттық қордан 8 миллиард теңге бөлінді. Саин көшесіне – 2,7 млрд теңге, Рысқұлов – 2 млрд теңге, Абай – 2 млрд теңге, Солтүстік айалма жол – 1,3 млрд теңге», деді Серік Самұратов.
Бұған дейін Алматы әкімдігі Н.Тілендиев көшесін 9 шақырымға, ал солтүстік жарты айналма жолды 1,2 шақырымға ұзарту жоспарланғанын айтқан болатын.
Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.