• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Ақпан, 2022

Тоқаев: Путинмен жерге қатысты мәселе көтермеуге келіскенбіз

415 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбат барысында «Мәскеу біздің жерімізге көз алартып жүр, солтүстік облыстарды тартып алады» деген пікірлерге қатысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Қазақстан мен Ресей арасында мәңгі тату көршілік туралы келісім бар. Ресей – ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан құдайы көршіміздің бірі. Қазақтың тағдырына осылай жазылған. Мұны біз өзгерте алмаймыз. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта беруіміз керек, – деді Президент.

Оның айтуынша, бұл Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді.   

– Иә, расында да, кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан «Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі» деген сөздер айтылды. Бірден кесіп айтайын. Бұл – ақылға сыймайтын, орынсыз пікір. Ресми билік, яғни Кремль, әрине, бұл уәжді қолдамайды.

Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Маған В.Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан. Сондықтан алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Шекарамыз толық айқындалған, бекітілген. Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды. Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Ресей Президенті осындай қағидаттарға адалдығын, беріктігін көрсеткенін тілге тиек етті.