• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 17 Ақпан, 2022

Президент Елбасына халықтың наразылық білдіруіне қатысты пікір білдірді

1211 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында Тұңғыш Президентке және оның отбасына халықтың наразылық білдіруіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың наразылығын лаңкестер мен қылмыскерлер пайдаланып кеткенін айтып өтті. 

– Бұған бәріміз куә болдық. Расында, әлеуметтік желіде Тұңғыш Президентіміз туралы әртүрлі ойлар айтылып, жазылып жатыр. Қанша адам болса, сонша пікір болады, – деді ол журналистің Тұңғыш Президент пен оның отбасына қатысты сұрағына.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 30 жылдық еңбегін жоққа шығаруға болмайтынын жеткізді.

– Тарихқа қиянат жасамау керек. Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекетіміздің іргесін қалаған, мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан тұлға. Оның қызметіне әділ баға беруге міндеттіміз. Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, одан жас басшылар сабақ алуы қажет. Қаңтар оқиғасы елімізге де, менің өзіме де үлкен сабақ болғаны сөзсіз. Тиісті қорытынды жасалды. Қазір елімізде болып жатқан саяси шешімдер − соның нәтижесі. Алдымызда өте көп жұмыс бар. Мұны барлығы көріп, біліп отыр деп ойлаймын, – деді Президент. 

Мемлекет басшысы халық наразылығының астарында өткір әлеуметтік мәселе барын да тілге тиек етті. 

– Халықтың көбінің әлеуметтік жағдайы төмен. Бұл – ақиқат. Мемлекеттің тұтас байлығы аз ғана топтың қолында. Теңсіздік белең алуда. Наразылықтың түп-тамыры осыдан басталды. Бұл мәселе туралы мен Парламентте, басқа да жиындарда айттым, – деді ол.