• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2022

Ақ пен қара «айқасқанда»...

547 рет
көрсетілді

Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, график-суретші Виктор Поликарповтың «Ана дала» атты жеке көрмесіне келушілердің қарасы көп.

Бүгінде Қазақстан Суретшілер одағының Павлодар бөлімшесін бас­қаратын қылқалам шеберінің бұл көрмесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығының халық шығарма­шылығы және мәдени мұрасы жылына орай ұйымдастырылған.

Көрмеге станок графикасы және кескіндеме бағытында еңбек ететін шебердің 16 туындысы қойылған. Ұлы дала төсіндегі тылсым да таныс тірлік жайынан сыр шертетін бұл туындылардың барлығы ХХ ғасырдың басында дүниеге келген және Қазақстанда өмір сүрген ақын Павел Васильевтің поэзиясына ар­налған офорт сериясынан тұрады.

Ұзақ жылдар бойы үнемі соны тақырыптардың қыр-сырын ашумен айналысып келе жатқан суретші көр­медегі картиналардың 1987 жылдан бергі уақыт аралығында салынғанын айтады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Виктор Поликарпов 1971 жылы Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Кескіндеме өнерінде қайталанбас қол­таңбасы бар шебердің Көркемсурет академиясының ака­демигі деген атағы бар. Суретші Құрмет белгісі орденімен мара­пат­талған. Сонымен қатар ол 2010 жылы ақын Павел Ва­сильев атын­дағы республикалық сый­лық­тың лауреа­ты атанған.

 

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы