• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Футбол 18 Ақпан, 2022

«Қайрат» қарсыластарына айбат көрсете алар емес

544 рет
көрсетілді

Түркияда жаңа маусымға дайындық ретінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайрат» футбол клубы жолдастық кездесулерде жеңілістен көз ашар емес, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы алматылық ұжым Ресейдің «Сочи» футбол клубымен кездесті. Ойын барысында «Қайрат» футболшылары өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана алмай қойды. Нәтижесінде «Сочидің» футболшысы Матео Кассьера бірінші кезеңде мергендігімен көзге түсіп, ресейлік ұжымды есепте алға шығарса, екінші кезеңнің басында дубль авторы атанған ол командасын екі доп басымдығымен жеңіске жетелей түсті. «Қайрат» сапынан Данияр Үсенов 11 метрлік айып добынан гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп 1:2. Нәтижесінде «Қайрат» төртінші ойында жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды.

Алматылық команда бұған дейін босниялық «Борац», өзбекстандық «Навбахор», украиналық «Динамо» командаларына есе жіберген еді.