• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Ақпан, 2022

«Қазгеология» ҰГК» АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

482 рет
көрсетілді

Бұл туралы Egemen.kz «Қазгеология» ҰГК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылғы 16 ақпанда «Қазгеология» ҰГК» АҚ директорлар кеңесінің отырысында жаңа төраға болып осы бағытқа жетекшілік ететін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Т.А. Момышев сайланды.

Айта кетсек, бұған дейін бұл қызметті Қазіргі Экология министрі С.А. Брекешев атқарды.

Директорлар кеңесі қоғам қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын «Қазгеология «ҰГК» АҚ-ның басқару органы.

Сондай-ақ, отырыста «Қазгеология» ҰГК» АҚ қайта құру және «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ құру мәселесі талқыланды.