Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (25-0, 18 КО) келесі жекпе-жегінің датасы белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Жанқош Тұраров рингке 19 наурызда оралады. Бокс кеші Мәскеу қаласында өтеді. Оның қарсыласының есімі әлі аталған жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұған дейінгі айқасын 2021 жылдың желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бокс кешінде өткізіп қарсыласы мысырлық Абдумонем Саидті (22-2-1, 11 КО) 47 секунд ішінде нокаутқа түсірген еді.