• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2022

Алматыда цифрлық майнинг қызметімен айналысқан ферма анықталды

283 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп, ҚР заңнамалық актілерінің нормаларына қарамастан цифрлық майнинг қызметін жүзеге асырған Алматы индустриялық аймағында орналасқан майнинг фермасын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу сотының санкциясымен жүргізілген тінту барысында 6 контейнерде криптовалютаны өндіруге арналған 700-ден астам жабдық анықталып тәркіленген.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.