• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Ақпан, 2022

АҚШ Ресей банктеріне қарсы санкциялар дайындап отыр

464 рет
көрсетілді

АҚШ Ресейге қарсы алдын-ала санкциялар әзірледі. Атап айтқанда Ресейдің ірі банктерінің транзакцияларын өңдеуге тыйым салынады, деп жазады Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей Украинаға «шабуыл» жасаған жағдайда бірқатар шектеге тап болуы мүмкін. Агенттік жазғандай, Санкциялар банктер арасындағы «корреспонденттік» қатынастарды бұзу арқылы Ресей экономикасына зиян келтіруге бағытталған.

АҚШ әкімшілігі ресейлік тұлғалар мен компанияларға санкциялар салуды жоспарлап отыр. Ресейді қара тізімге (SDN парағы) қосып, оларды АҚШ банк жүйесінен шығарады. Сонымен қатар, Америка азаматтарымен сауда жасауға тыйым салынады және Ресей АҚШ-тағы активтерін тоқтатады.

20 ақпанда АҚШ Өкілдер палатасының спикері, демократ Нэнси Пелоси Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында «Ресей Украинаға шабуыл жасаған жағдайда бұрын соңды болмаған қатаң жаза беріледі», деп мәлімдеді.

Өткен жылдың күзінен бастап батыс БАҚ, сондай-ақ Украинаның ақпарат көздері Ресейдің Украинаға «ауқымды шабуыл» дайындап жатқандығы туралы дабыл қақты.

Ал Мәскеу мұндай мәлімдемелердің жалған екендігін хабарлады.

Аяна Тоғанбек

ЕҰУ студенті