• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Ақпан, 2022

Сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсымын» бағаны пайда болады

605 рет
көрсетілді

Ортсайлауком ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау құжаттарының нысанына өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, дауыс беру кезінде пайдаланылатын Сенат депутатын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсымын» деген баған енгізу жоспарлануда.

Осылайша, дауыстарды санау нәтижелері туралы сайлау комиссияларының хаттамаларына және дауыстарды санау нәтижелері туралы хабарлау нысанына да тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Бюллетень келесі жағдайларда жарамсыз деп танылады:

Белгіленбеген үлгіде болса; Тиісті сайлау комиссиясы мүшесінің қолы қойылмаса; Біреуден артық кандидат белгіленсе; Белгі қарындашпен қойылса, тазарту іздері немесе басқа да әдістер қолданылса; Сайлаушының таңдауын анықтау мүмкін емес болса.

ОСК қаулысының жобасы 9 наурызға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар