• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2022

Қатты боран: Алматы облысында тас жол жабылды

545 рет
көрсетілді

Алматы облысында республикалық маңыздағы «Үшарал-Достық» тас жолы қатты боранға байланысты жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«22 ақпанда сағат 18: 20-да ауа райының нашарлауына байланысты (нөлдік көріну, қатты боран) республикалық маңыздағы «Үшарал-Достық» тас жолындағы (84-184 км) қозғалыс барлық көлік түрлері үшін жабылды», деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы облыстық ТЖД азаматтардан осы бағыттағы жол жүріс жоспарын кейінге шегере тұруды және 112 қызметі жіберетін SMS-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.