• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2022

Қоғам келісім арқылы дамиды

518 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жаңа Қазақстанды құру жағдайында қоғамдық келісім мен қоғамдық-саяси өзгерістердің тиімді форматын қалыптастыру» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті.

«Азаматтық қоғам мен билік арасындағы бай­­­ла­ныс­ты қайта қарау және жа­ңа қоғамдық келі­сім­шарт мәселесі жиі талқы­ла­­нып келеді. «Халық үні­не құ­лақ асатын мемлекет» тұ­жы­рымдамасына сай қоғам­дық кеңестер, аза­маттық ұйым­­дармен байланыс орна­тылған. Дегенмен бұл жұмыс әлі де нәтижелі емес екеніне өткен айдағы оқи­ғалар дәлел болды. Сон­дық­тан осы саланы әрі қа­рай дамыту өзекті болып тұр. Жиынның мақсаты – са­рап­шылық ұсыныс­тар­ды жүйе­леп, бір алаңға топ­тас­тыру. Қазір Мемлекет бас­шы­сына, Үкімет орган­дары­на тұрғындар аты­нан түрлі ұсыныстар мен хат­тар келіп жатыр. Ми­нистр­­­­ліктер бұл ұсы­ныс­тар­­­ды қарап, қоғамдық даму институтының маман­дарымен бірге олар­дың тиімділерін ортаға салады», деді АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.

Отырысқа «Талап» қол­­­данбалы зерттеулер ор­та­­лы­ғының директоры Р.Ошақ­баев, «Рухани жаң­ғыру» қоғамдық зерттеулер орта­лығының жетекшісі Қ.Май­гелдинов, Қазақстан Азаматтық Альянсы ЗТБ пре­зиденті Б.Нұрғазиева, Еуро­палық құқық және адам құ­­­қықтары сараптамалық инс­­­титутының директоры М.Бәшімов, «Экологиялық ұйым­дар қауымдастығы» төр­айымы, Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы страте­гиясы­ның іске асырылуын сыртқы тал­­дау мен ба­ғалаудың арнайы мо­­ни­то­рингтік тобының же­тек­шісі А.Соловьева, Жас­тар ғы­­лы­ми-зерттеу орталы­ғы ди­­рек­торының орынбасары Э.Паули және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, сая­саттанушылар мен басқа сарапшылар қатысты.