• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 23 Ақпан, 2022

Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы тағайындалды

1343 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Қазбек Өмірзақұлы Майгелдинов «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазбек Майгелдинов Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Тарих» мамандығын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығын және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

2021 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» мамандығы бойынша докторантураны бітірген, PhD докторы.

Еңбек жолын 2007 жылы «Парасат» қазақстандық көпсалалы институтының «Престиж Академиясының» оқытушысы болып бастап, «Ә.Х. Марғұлан атындағы «Археология институты» РМҚК жалпы археология бөлімінің ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген.

ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен басқа да қызметтерді атқарған.

2019 жылдан 2021 жылға дейін Еуразиялық интеграция институтының ғылыми зерттеулер және талдау орталығының басшысы қызметін атқарды.

Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының» басшысы ретінде жұмыс істеген.