• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Ақпан, 2022

Тамақтану орындарына қойылатын талап бекітілді

1348 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санитарлық ережелер келесі талаптарды қамтиды:

Жаңа объектілерді салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және қолданыстағы объектілерді кеңейту, қоғамдық тамақтандыру объектілерін жөндеу, пайдалануға беру және қайта бейіндеу үшін жер учаскесін таңдау; Сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету және ауа баптау; Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстары мен жабдықтарын күтіп-ұстау және пайдалану (оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарға қызмет көрсететін және дайындайтын қоғамдық тамақтандыру объектілері); Тамақ өнімдерін өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу және кәдеге жарату шарттарына (оның ішінде қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызмет көрсетуді жүргізу кезінде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, ұйымдасқан ұжымдар үшін қызмет көрсететін, дайындайтын қоғамдық тамақтандыру объектілерінде және жылдам қызмет көрсететін стационарлық емес қоғамдық тамақтандыру объектілерінде) сәйкес келуге тиіс; Тұтыну қалдықтарын жинау және сақтау; Өндірістік бақылауды жүзеге асыру; Персоналдың еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге және гигиеналық оқытуға; Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.

Құжаттың толық нүсқасын келесі сілтеме арқылы көруге болады.

Бұйрық 2022 жылдың 5 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.