22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК Төрағасы Мәсімовке, ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасарлары Садықұловқа, Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.
23 ақпанда сот санкциясымен Өсіповке қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.