• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Ақпан, 2022

Доғудың мемориалы басталады

251 рет
көрсетілді

Бүгін Ыстанбұлда Яшар Доғуды еске алуға арналған халықаралық турнир басталады. Бұған дейін біз еліміздің еркін және грек-рим күресі шеберлері қандай құрамда өнер көрсететінін жазғанбыз.

Түркияда ерлермен қатар қыздар да белдеседі. Әйелдер күресінен өтетін жарыста Қазақ елі намысын 19 балуан қорғайды. Солардың арасынан Жұлдыз Ешімова (53 кило) мен Жәмила Бақбергенованы (72 кило) бөле-жара атап өтуге болады. Кезінде екеуі де әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген. Жастар буыны өкілдері арасынан Нилуфар Раймовадан да (57 кило) жақсы нәтиже күтеміз. Былтыр ол өз құрбылары арасында өткен әлем біріншілігінде бас жүлдені олжалаған.

Сонымен қатар даңқты балуанның мемориалында Диана Қаюмова (59 кило), Эмма Тисина (57 кило), Аяулым Қасымова (62 кило), Мәдина Бақбергенова (65 кило) және Гүлмарал Еркебаева (76 кило) сынды тәжірибелі спортшылар сайысқа түседі.