• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2022

Рудныйда жолақы арзандайды

232 рет
көрсетілді

Сарыбай-Соколов өндірістік бірлестігі Рудныйда іске асырылып жатқан қоғамдық көліктердің қызметін дотациялау жөніндегі жоба аясында қала тұрғындарының жолақысын арзандатуға 180 млн теңге бөліп отыр.

 

Қанатқақты жоба басталған 3 ай көле­мінде ең үздік қызмет көрсеткен қоғамдық көлік-

терге 23 млн теңгеден астам

қаржы сыйақы ретінде бөлінген.

Бұл – тұрғындар қала ішіндегі автобустардың қызмет көрсету сапа­сына қатысты көптеген ш­ағым түсіре бастаған соң қол­ға алынып отырған игі бастама.

– Басты мақсатымыз тасымал-

даушыға да, жолаушыға да қо­лайлы жағдай туғызу болып та­былады. Жоба бойынша өз жұ­мысына жауапкершілікпен қарап, тиянақты қызмет көрсеткен та­сымалдаушыға арнайы сыйақы төленеді. Автобус­тардың қызмет көрсету сапасын «ССКӨБ» АҚ мен «ТрансКом» ЖШС өкілдері қадағалап отырады. Қазір қала ішінде 8 бағыт бо­йынша жүретін автобустардың тазалығы, сыртқы тартымдылығы, салон ішінің жылы болуы, сондай-ақ қозғалыс кестесінің сақталуы GPS арқылы бақылауға алынды, – дейді бірлес­тіктің баспасөз хатшысы Наталья Кузнецова.

Өткен жылдың қазан айында басталған жобаға таяуда тағы 32 автобус қосылады. ERG компания­сы өкілдерінің айтуынша, аталған бастама қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

 

Қостанай облысы