Украина Жоғарғы Радасы 23 ақпанда өткен кезектен тыс отырысында Украинада төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша, заң шығарушы орган президент Владимир Зеленскийдің елдің жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізу туралы жарлығын қолдады.
Төтенше жағдай 24 ақпаннан бастап 30 күндік мерзімге енгізілді. Шешім үшін 355 депутат дауыс берді.
Бұған дейін Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі (ҰҚК) Донецк және Луганск облыстарын қоспағанда, бүкіл елде төтенше жағдай енгізу туралы шешімді мақұлдаған болатын.