• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Ақпан, 2022

БҰҰ басшысы Путиннен шабуылды тоқтатуды сұрады

265 рет
көрсетілді

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей президенті Владимир Путиннен ресейлік әскердің Украинаға шабуылын тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Украина төңірегіндегі жағдайды шұғыл талқылау үшін, бір аптада екінші рет жиналды. Сессиядан үзінділер ұйымның Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды.

«Мен бір нәрсені шын жүрегіммен сұраймын: президент Путин, әскерлеріңіздің Украинаға шабуыл жасауын тоқтатыңыз, бейбітшілікке мүмкіндік беріңіз», деді Гутерриш.

Осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізілетінін, Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялаудың жоқтығын айтқан болатын.