Грозныйдың «Ахмат» футбол клубы командадан Әмір Адуевтің кеткені туралы ақпарат таратты. Деректерге сенсек, футболшы кәсіби мансабын Қарағандының «Шахтер» футбол клубында жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz Sport24.ru-ға сілтеме жасап.
Әмір Адуев қарағандылық командаға жалға берілді. Жартылай қорғаушы маусымның соңына дейін қазақстандық команда сапында жасыл алаңға шығады. Әйткенмен, екі тарап келіссе, футболшы бірінші маусымға дейін «Ахмат» сапына қайта орала алады екен.