Украина Президенті Владимир Зеленский өз үндеуінде бүкіл ел аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.
«Біз бүкіл Украина аумағында әскери жағдайды енгізіп жатырмыз», деді бейсенбіде Президент Владимир Зеленский.
Бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин Украинада арнайы әскери операция жасау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, осылайша соғыс жариялады.
Теңізден, құрлықтан және әуеден шабуылдар жасалуда.