• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Ақпан, 2022

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме?

970 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлерді жіберу мүмкіндігі туралы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл жағдайда біз мынаны негізге алуымыз керек - Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі болып табылады. Осыған байланысты қазақстандық бітімгерлерді қақтығыс аймағына жіберуге бола ма деген сұрақ туындайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес және басқа да құжаттарға сәйкес Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тысқары жерлерге біздің бітімгерлерімізді БҰҰ мандатына сәйкес қана жібере алады», деді ҚР Парламенті Сенатының спикері.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ жарғысына сәйкес ұйым елдерінің бітімгершілік күштері мен әскерлері қатысушы елдердің аумағында ғана қолданыла алады.

«Қақтығыс аймағы қатысушы елдердің аумағына кірмейді. Бірақ егер қандай да бір жағдай туындаса және БҰҰ деңгейінде тиісті шешім қабылданса, Қазақстан өзінің бітімгерлерін әлемнің кез келген нүктесіне жіберуі тиіс болады», деп қосты Мәулен Әшімбаев.