• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Ақпан, 2022

АҚШ Ресейдің ірі банктеріне қарсы санкциялар салуда

497 рет
көрсетілді

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің ірі екі банкіне санкция салуға дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайстың хабарлауынша «Америка Құрама Штаты Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты Ресейдің екі ірі банкіне бір сәтте санкция салуға дайын» екендігін атап өтті.

Бұл жағдай 750 миллиард долларлық активтері бар несие мекемелеріне қатысты екенін айтты. Айтылған қаражат мөлшері бүкіл ресейлік банк жүйесінің жартысын ғана құрайды, деді Прайс брифингте.

Мемлекеттік департаменттің өкілі банктердің аттарын айтпады. Бұған дейін Америка Құрама Штаттары Сбербанк пен ВТБ банкіне қарсы шектеулер қоятындығы жайында ескерткен.

Аяна Тоғанбек,

ЕҰУ студенті