• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Ақпан, 2022

Шымкент өнімдерін 9 елге экспорттайды

412 рет
көрсетілді

Республика бойынша өңірлердің экспорттық белсенділігі 9 статистикалық көрсеткіш бойынша бағаланады. Экспорттаушы аймақтар қатарында рейтингтегі алғашқы бестікті Шымкент қаласы бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрын мегаполистің дайын өнімдері 6 елге жеткізілетін болса, қазір оның саны 9-ға өсті. Өткен жылы Грузия мен Украина елдеріне трансформаторлар, Беларусь мемлекетіне жиһаз бен төсек-орын жабдықтары алғаш рет жеткізіле бастады.

Тағы төрт көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы көшбасшылар үштігіне енді. Өткен жылы 23 жаңа дайын тауарлар және 5 жаңа шикізат тауарлары экспортталды. Қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығарады. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 1 млрд 905 млн АҚШ доллар. Оның ішінде, экспорт - 573,5 млн АҚШ долларын құрап тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға өсті.